Жамбылда шенеуніктер 23 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған
- авторjambylinfo.kz
- 9 ақпан, 2024
- 2.4k
Хабарламаға сүйенсек, Қордай ауданының әкімдігі мемлекеттік сараптаманың қорытындысынсыз мектептердің бірінің ғимаратын 756 млн теңгеге күрделі жөндеуді жоспарлаған.
“Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша өңір бюджетінің шығыс бөлігінен 11 млрд теңгеге расталмаған шығындар алынып тасталды”- деп хабарлады прокуратураның баспаөз қызметі.
Сондай-ақ облыс прокуратурасы бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге лицензиялар бойынша қажетсіз жоғары талаптарды қойған 12 млрд теңгеге заңсыз сатып алулардың күшін жойды.
“Заңдылықты бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды адамы жауапқа тартылды, оның ішінде 1 тұлға конкурстық құжаттамада заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілегені үшін 461 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды”- деп жазды ведомства.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз