Сараптама
Жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы 1 наурызда басталады
- авторjambylinfo.kz
- 7 ақпан, 2024
- 1.3k
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда басталатынын растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, бағдарламаны республикалық бюджет пен Отбасы банк бірлесіп қаржыландырады.
«Әлихан Асханұлы Смайылов айтқан мәселе пысықталды, бекітілген мерзімде жүзеге асырылады», деді Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда іске қосылатынын мәлімдеді.
Бағдарлама аясында үйі жоқ азаматтар жылдық 9%-пен 25 жыл мерзімге арзан ипотека ала алады. Бастапқы жарна – 20%.
Ипотекалық бағдарламаға жылына 150 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз