дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 7:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Ағасы Сапарбаевтың ықпалы тиді ме?" Нәлібаев әкім болуға кімнің көмектескенін айтты

"Ағасы Сапарбаевтың ықпалы тиді ме?" Нәлібаев әкім болуға кімнің көмектескенін айтты
ашық дереккөзі
"Ағасы Сапарбаевтың ықпалы тиді ме?" Нәлібаев әкім болуға кімнің көмектескенін айтты
Бүгін Астанада өткен брифингте тілшілер Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан жоғары лауазымға тағайындалуына марқұм ағасы Бердібек Сапарбаевтың ықпалы тиді ме деп сұрады, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Сауалға жауап берген әкім  өз еңбегімен келгенін айтты.
Ол кісі маған қалай қолдау көрсете алады? Әкімді кім тағайындайтынын білесіздер ме? Әкімді Президент тағайындайды. Біліміне, еңбегіне қарай депутаттардың келісімімен тағайындалады. Менің биографиямды қарасаңыздар, мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық уақыт қызмет атқарып келе жатырмын. Өз еңбегіммен тағайындалдым деп есептеймін. Кеше мемлекет басшысы облысымызда іссапармен болды. Істеліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мен жұмыстардың бәрін өзім ғана жасап бітіріп жатырмын деп айтпаймын. Президентіміздің, Үкіметіміздің қолдауымен, сол жердегі халықпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс. Дұрыс жұмыс болмаса, оң баға бермейтін еді, - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар