сенбі, 26 шілде, 2025 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ пен Ресей президенттері сөйлесті: тараптар қандай мәселелерді талқылады

АҚШ пен Ресей президенттері сөйлесті: тараптар қандай мәселелерді талқылады
BRENDAN SMIALOWSKI/AFP via Getty Images, Mikhail Sinitsyn/TASS
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін «ешқандай ілгерілеу болмады» деп мәлімдеді.

Бұл – биыл қаңтардан бері қос көшбасшы арасындағы алтыншы ресми телефон әңгімесі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Мен бұл әңгімеден аса қатты әсер алған жоқпын»

dw.com агенттігінің мәліметінше, 3 шілде күні, Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери базасында журналистерге сұхбат берген Трамп Путинмен ұзақ сөйлескенін, әртүрлі тақырыптарды, соның ішінде Иран мен Ресейдің Украинаға қарсы соғысын талқылағанын айтты.

«Бұл ұзақ әңгіме болды, біз көптеген тақырыптарды қозғадық. Соның ішінде, Иран мен Украинадағы соғыс та бар. Бірақ, шын айтсам, мен бұл әңгімені аса жақсы қабылдаған жоқпын», – деді ол. «Путинмен ешқандай келісімге келе алмадық», – деп қосты АҚШ президенті.

АҚШ Украинаны қолдауды жалғастырып жатыр

Сондай-ақ, Дональд Трамп Украинаға АҚШ тарапынан қару-жарақ жеткізіліп жатқанын айтты. «Біз оларға қару береміз, жұмыс істеп жатырмыз, көмектесуге тырысудамыз», – деді ол. Дегенмен, Трамп Байден әкімшілігінің саясатынан қауіптенетінін де білдірді: «Байден барлық қаруымызды таратып жіберді. Ал біз өз қорғанысымызды да ойлауымыз керек», – деді ол.

Кремль: Әңгіме бір сағатқа созылды

Ресей тарапының мәліметінше, Путин мен Трамп арасындағы бұл әңгіме 3 шілде күні өтіп, бір сағатқа жуық уақытқа созылған. Президенттің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар Сирия, Иран және Таяу Шығыстағы ахуалды да талқылаған.

Жеке кездесу туралы нақты ұсыныс болмағанымен, Ушаков «мұндай идеяның әуеде қалықтап тұрғанын» айтты.

Трамп – Зеленскиймен де сөйлеседі

Маусым айының ортасында Путин Таяу Шығыстағы мәселелерді шешуде делдал болуға дайын екенін білдірген. Ал 4 шілде күні Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлеспек. AFP агенттігіне берген мәліметінде украиналық шенеуніктер бұл әңгімеге дайындық жүріп жатқанын растаған.

Politico: Пентагон Украинаға жеткізуді уақытша тоқтатты

Politico басылымының 1 шілдеде жариялаған ақпаратына сәйкес, Пентагон Patriot зениттік кешендеріне арналған зымырандар мен Hellfire ракеталарын, басқа да дәл басқарылатын оқ-дәрілерді Украинаға жеткізуді уақытша тоқтатқан. Басылым үш дереккөзге сүйене отырып, АҚШ-тың бұл шешімді өз қорларының шектелуінен қабылдағанын жазады. Бұл қарулардың Украинаға жеткізілуі Байден әкімшілігі кезінде келісілген болатын.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар