АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден халық алдында адал қызмет етуге ант беріп, қызметіне кірісті. Бұл АҚШ Президенті әкімшілігіндегі бірқатар лауазымды тұлға да ауыстырылды деген сөз. Соның ішінде вице-президент лауазымына Камала Харрис келді. Басылымдар вице-президент қызметіне АҚШ тарихында алғаш рет әйелдің тағайындалғанын жазуда. Осы орайда аталған қызметке бақ сынасқан әйел саясаткерлерге шолу жасауды жөн көрдік.
Бүгінгі күннің басты тақырыбының бірі – Камала Харриске бір тоқталайық. Арғы тегі үнді-ямайка нәсілінен тамыр тартатын демократ саясаткер 56 жаста. Калифорния штатында туып, Хоуард, Калифорния университеттерінде білім алған.
Саясатқа келместен бұрын адвокат болып қызмет еткен. Бертін келе Демократиялық партияның жарық жұлдызына айналды. Джо Байден оны «халыққа қызмет етіп жүрген бірден-бір азамат» деп атап, оны елдегі екінші адам ретінде тағайындады.
Демократияның отаны саналатын АҚШ әлі де гендерлік теңдіктің жырын жырлап келеді. Алайда тарихқа шегініс жасайтын болсақ, сонау 1848 жылы да президенттікке үміткерлер қатарында әйел кандидат көрінген. Люкреция Коффин Мотт Азаттық партиясы атынан президенттікке, вице-президенттікке үміткер болды.
Одан кейін тарихта Виктория Удхул деген әйел туралы да сондай дерек бар. 1872 жылы мемлекет басшылығына үмітті саясаткердің сол тартыста жеңіліс табуын көбі кандидатқа қойылатын талаптың бірі – жас шамасы жетпеуінде дейді. Кейбіреулер мәселе жаста болмағанын жазады. Дегенмен бұл оқиға әйелдердің саясатқа бұрыннан-ақ таласы болғанын айқын дәлелдеп тұр.
Негізінен, Виктория Удхул баспагер болған деген мәлімет бар. Өзінің әпкелерімен бірге жаңалыққа, революцияға құштар болған. Президенттікке үміткерлікпен қатар, Wall Street-тегі алғашқы брокерлердің бірі ретінде танылып үлгерген. Сайлау қарсаңында Тең құқықтар партиясының негізін қалайды. Саяси науқан кезінде газетке мақалалар жазып, оны сол кездегі әріптестері дұрыс қабылдамай, сынға ұшырайды.
Одан кейін Люкреция Коффин Мотт Азаттық партиясы атынан президенттікке, вице-президенттікке үміткер болды. 1964 жылғы сайлауда 25 пайыз дауыс жинап, тәуір нәтиже көрсетеді.
1968 жылы Шарлен Митчел есімді алғашқы афроамерикалық әйел өз кандидатурасын ұсынады. Ол – негізгі сайлауға шақыру алған алғашқы әйел саясаткер. АҚШ-тың Коммунистік партиясының атынан қатысқан үміткер небәрі 1 075 дауыс жинаған.
1972 жылы Ширлей Чишолм мен Тони Натан өзара бақ сынасқан. 1988 жылдың сайлауы Ленора Фулани деген үміткермен есте.
1984 жылы қытайлық эммигранттар отбасынан шыққан Эмма Уонг Мар вице-президент болуға ниет білдіреді. Табыссыз сайлаудан кейін де соғысқа қарсы, феминистік идеясына адал болып, сол жолда елеулі еңбек етеді.
1996 және 2000 жылдары сайлау бюллетеньдерінде Уинона Ладюк есімі көрінеді. Миннесота штатынан шыққан экономист Жасылдар партиясы атынан үміткер ретінде белгіленеді. Ол Ральф Надердің жағында болып, екеуі 2,7 пайыз, яғни 2,9 миллион дауыс жинайды. Бұл Жасылдар партиясының алғаш рет осынша көп дауыс жинауы еді. Бұл жаңа ғасырдағы гендерлік теңдікпен бірге демократияның жаңа көрінісі іспетті қабылданған.
2008 жылғы тартысты сайлауға АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы, Билл Клинтонның әйелі Хилари Клинтон қатысты. Демократтардың өкілі, сенатор Клинтон Барак Обамаға жол берсе де, жоғары бәсекелестігімен есте қалды. Осы орайда Хиллари Клинтонның президенттік дебатқа қатысқан алғашқы әйел екенін еске сала кеткен жөн.
Хиллари ханым одан кейін 2016 жылы Дональд Трамптың қарсыласы ретінде тағы да бой көрсетті.
Деректерге қарасақ, біз атаған кандидаттар көбіне 2-3 партия өкілдері. Әуел баста қолдаушылары аз болғанымен, жыл өте бірсыпыра дауыс жинап, айтарлықтай нәтиже көрсеткенін байқауға болады.
Осы орайда АҚШ президенті әкімшілігінде қызмет ететін қандасымыз Әсел Төленова туралы айтпай кетпеске болмас. Байден президенттікке келгелі оның да қызметі жоғарылағаны хабарланды.
20 қаңтарда Әсел Президент протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол АҚШ президенті әкімшілігінде 15 жылдан бері қызмет етеді. Барак Обаманың кезінде қызметке келіп, 3 президентпен қатар жұмыс істеген.
Қазақ қызының қазіргі тегі Робертс екен. Дипломатиялық қызмет мектебінің түлегі, Эдмунд Уолш атындағы Джорджтаун университетінің Халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы ғылым бакалавры дәрежесі бар. Отандасымыз ағылшыншаны айтпағанда, қазақ, орыс және жапон тілдерін меңгерген көрінеді.
Президентті ұлықтау рәсімінде тағайындалған Камала Харрис әйелдер рөлі туралы сөз етуді ұмытпады. Ол өз анасы Үндістаннан қоныс аударғанда дәл осы жағдайды болжамаса да, мұндай оқиғаның мүмкін екенін білген шығар деген ой айтты. «Мен бүгін өзіме дейінгі әйелдердің арқасында орталарыңда тұрмын. 100 жыл бұрын Конституцияға өзгеріс енгізу, 55 жыл бұрын дауыс беру құқығы үшін күрескен, демократияны ту еткен әйелдердің күшімен осындамын», деді вице-президент.
1848 жылы Люкреция Коффин Мотт бастап, жылдар бойы жалғасқан күрес кеше өз нәтижесін көрсетті. Ол еңбектің еш емес екенін білу үшін екі ғасырға жуық уақыт қажет болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024