Бүгінгі таңда Байзақ ауданы бойынша 11 миллион 380 мың теңге қаржы бөлініп, барлық ауылдық округтерде цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылған. Нәтижесінде ақпараттық орталықтарда электронды цифрлық қолтаңба арқылы 76 мемлекеттік қызмет түрлерін алуға мүмкіндік туындады. Аталмыш орталықтар арқылы аудан халқына көрсетілген қызметтер саны артуда.
Бұл туралы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ауданға арнайы барған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзадаға аудан әкімі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.
Әуелі іссапар Бурыл ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратынан ашылған «Ашық әкімдік» жұмысымен танысудан бастау алды. Ауыл әкімі Ерік Әліқұлов жұмысшы топқа мұндағы атқарылып жатқан қызметтер жөнінде қысқаша түсінік берді. Бұдан соң жуырда жергілікті атқарушы органдардың күш салуымен, облыс аумағында алғаш рет пайдалануға берілген учаскелік полиция пунктімен, ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген тігінші Айнұр Дәрменбаева ашқан қыз-келіншектерге арналған «Келіндер академиясы» тігін курсымен танысты. Мұнда тігіншіліктің қыр-сырын үйренуді ниет еткен мектеп жасындағы бес қыз баланың құрақ құрастырып жатқанына куә болған Ырза Тұрсынзада аналық ақ батасын берді.
Іссапар аудан орталығы Сарыкемер ауылында жалғасты. Онда Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Ашық әкімдік» және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалынан ашылған «Сервистік әкімдікті» аралап, ондағы қызметкерлермен пікір алысты. «Бұл әкімдіктердің жаңа форматқа ауысуы былтырғы жылдан бері қолға алынып жатыр. Облыста ауылдық деңгейде ең алғаш рет Бурыл ауылдық округінде жүзеге асырылды. Оған өздеріңіз де куә болдыңыздар. Ал, сервистік орталықта тиісті саланың қызметкерлері бір алаңшада тығыз байланыста жұмыс атқарады. Осы арқылы біздер жұмыстың тиімділігін арттырып, халыққа жан – жақты қызмет көрсетудеміз», - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, «Байзақ – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Жұмыс сапары соңында топ мүшелері «Асарлатып үй салу» жобасы аясында кезекті пайдалануға берілген тұрғын үйде болып, қуаныш иелерін құттықтады.
Жұмысшы топтың құрамында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, аталмыш департамент жанынан құрылған ақпараттандыру – ағарту штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Жувандикова болды.
Кәмшат Қадырjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Көпбалалы анаға жаңа үйдің кілті тапсырылды
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024