Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 09:20
- 64
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті. Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі, — делінген хабарламада.
Келесі мақала






