Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қазан, 2025
- 387
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындады
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қаңтар, 2026






