Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды
- авторБақытжан Бекболат
- 18 желтоқсан, 2025
- 217
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.






