Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылдың тамыз айында қазығы қағылған Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорт кешенінің бүгінгі келбетін көруге арнайы барды. «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған нысанға 594 млн 663 мың теңге бөлінген. Серіктестік басшысының орынбасары Жанат Қырқымбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда дене шынықтыру және сауықтыру құрылғылары орнатылып, әрлеу-сырлау жұмыстары етек алған. Халық қажетіне қыркүйек айында берілетінін жеткізді. Кешеннің іші-сыртын аралаған аудан басшысы Сәкен Қаланұлы бірқатар кемшілік бойынша ескерту жасады. – Облыста теңдесі жоқ спорт кешенінде 350 адам спорттың он түрімен айналысуға толық мүмкіндігі бар. Дегенмен ғимараттың ішкі құрылысының дизайнына өң беру қажет. Бұл кешенді түрғындардан бұрын, жасөспірімдер тағатсыздана күтіп жүргенін ескергеніміз жөн. Жаттығу алаңдарына жастарға рух беретін даңқты спортшылардың сұлбасын іліп, жас қанаттарды жігерлендіретін қанатты сөздерді жазу керек. Үлкен футбол алаңыда көңіл көншітпейді. Тез арада аталған олқылықтардың орнын толтыруды жауапты мамандарға тапсырамын, – деді Сәкен Арубаев. Аудан әкімімен бірге орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов болды.
Ақжігіт Жетпісбай
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Еңбек Ерлері шыққан мекенде
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024