жұма, 27 желтоқсан, 2024 14:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қауіпсіздік – басты назарда

Қауіпсіздік – басты назарда
ашық дереккөзі
Қауіпсіздік – басты назарда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Мемлекет басшысы Жолдауындағы Денсаулық сақтау саласын дамыту туралы Жолдаудың 6-шы бөлімінде : - Пандемиядан туындаған дағдарыс дәрігердің жұмысын бағалауға үйретті, мамандықтың маңыздылығы материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Мен бюджетті келесі нақтылаумен екінші жарты жылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру сыйақысын төлеуге 150 миллиард теңге бөлуді тапсырамын - деді. Сондай-ақ, отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керектігіне ерекше тоқталды. Жалпы, барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Пандемия сирек мамандықтар дәрігерлерін – эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды, пульмонологтарды, кардиологтарды даярлау туралы мәселені өткір қойды. Сол себепті, Президент Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамын жасауды тапсырды. Үкіметке алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау туралы тапсырма берді. Осы жолдау аясында қыркүйек айының 7-сінен бастап Қазақ Ұлттық Медицина университетінен 7 маман – педиатр, онколог, терапевт, УЗДГ дәрігері, кардиолог, акушер-гинеколог Жайлаукөл, Қамқалы, Шығанақ, Тоғызкент, Досбол ауылдарына   диагностика және медициналық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта Тоғызкент, Жайлаукөл,Үшарал ауылдарында және Дегерес амбулаториялық пунктінде жаңа медициналық ғимараттар салу жоспарлануда. COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсірді. Осы кезеңде саладағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Бұдан бөлек, пандемия кезінде диагностикалық және емдеу іс шараларды жүзеге асыру мақсатында онлайн жүйесімен 136 медицина қызметкерлері оқытылды. Қыркүйек айында медицина қызметкерлері 100% оқытылады. Резервте 18 дәрігер, 36 мейірбике, 36 кіші буын қызметкерлері жұмысқа дайын. Пандемия кезеңінде ауданда провизорлық бөлімі ашылып, 40 төсекке оттегі тетігі жеткізілді, 7 мобильді бригадалар жұмысы ұйымдастырылды. Елбасы баяндаған бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарының жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Заманның сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты екенін ұмытпаймыз.

Бағила Бегманова,

Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар