Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
- авторБақытжан Бекболат
- 26 тамыз, 2025
- 531
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Көлік және жол министрі Дэлгэрсайхан Борхумен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сұхбат барысында тараптар автомобиль, әуе және теміржол көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың туризмді, сауданы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін айрықша маңызға ие екені аталып өтті.
Сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және екіжақты тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің, сондай-ақ осы бағыттағы нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруды қолдаудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікке қол жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






