сенбі, 20 желтоқсан, 2025 12:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Жапония жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын 60-тан астам келісімге қол қойды

Қазақстан мен Жапония жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын 60-тан астам келісімге қол қойды
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет. 

Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. 

Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. 

Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. 

Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз.

«Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. 

Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар», – деді Мемлекет басшысы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар