жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 3:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев мектептердің жөндеу жұмыстарын кешіктірген әкімдерді жазалады

Бердібек Сапарбаев мектептердің жөндеу жұмыстарын кешіктірген әкімдерді жазалады
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев мектептердің жөндеу жұмыстарын кешіктірген әкімдерді жазалады
Ағымдағы жылы Жамбыл облысында ауқымды жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 95 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда, 285 білім беру мекемелері жылы дәретханалармен жабдықталуда. Кесте бойынша көптеген нысандар жаңа оқу жылының басында тапсырылуы тиіс еді, бірақ жұмысы сылбыр мердігерлер құрылыс мерзімін кешіктіруде. Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында оқу жылының басталуына дайын болмаған мектептердің жай-күйі сараланды. Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, бүгінгі таңда 19 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде десек, 42 мектепте жылы дәретханалар орнату жұмыстары аяқталмаған. Құрылысшылар барлық жұмыстарды ағымдағы айдың соңына дейін аяқтауға уәде беріп отыр. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, әкімдер мен директорлар қашықтықтан оқытуды сылтауратып, бұл жұмыстарды қадағалаусыз қалдырған. - Ешкім тығырықтан шығар жол іздемейді. Барлығы қашықтықтан оқытуға жіберуге ұмтылады. Әлі күнге қанша мектептің дәстүрлі оқыту түріне қайта көшуге мүмкіндігі бар екендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Бізде ондай мектеп аз емес. Айталық, екі мыңнан астам бала оқитын Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясында кезекші топтарда бар-жоғы 60 бала оқиды, - деді облыс әкімі. Аудан әкімдері немқұрайлы мердігерлерге сілтеме жасап, өздері ақталуға тырысып бақты. - Бір компания бірден 22 нысанда жұмыс істейді. Құрылысшылар аз, сондықтан уақыт тапшы. Біз жұмысшыларды іздеуге көмектестік, бірақ кестеден әлі де артта қалып келеміз, - деп жауап берді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков. - Жұмыс барысын басынан бастап қадағалау керек еді. Мұны кеш түсініп, енді кінәлілерді іздей бастадыңыздар. Судан құрғақ шыққыларыңыз келеді, - деді Бердібек Сапарбаев. Дәл осындай ескертулер Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбековке де айтылды. Аудандағы 21 мектепте жылы дәретханамен жабдықтау мәселелері шешілмеген. Ал дәстүрлі түрде оқитын оқушылардың үлесі тек жеті пайызды құрайды. Мұнда да мердігерлер бірден бірнеше жобаны игере алмауда. - Меркі ауданындағы N44 мектепте жұмыс 57 пайызға ғана орындалған. Кейбір мектептердегі жағдай одан да төмен. N11 мектепте атқарылған жұмыс көлемі 60 пайызды құрайды. Шу ауданындағы бір мектептің жөндеу жұмыстары тек 44 пайызға ғана аяқталған. Сіздердің ойларыңызша, бұл қаншалықты дұрыс? - деп ашуланды облыс әкімі. Сонымен қатар, ол Қордай ауданы мен Тараз қаласындағы жағдайлар бойынша наразылығын білдірді. Бұған дейін Бердібек Сапарбаев әкімдерге және салалық ведомстволардың басшыларына, егер тапсырмалар сапалы және мерзімінде орындалмаса, олардың жеке жауапкершіліктері қаралатындығы туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы бірқатар әкімдер мен білім басқармасы басшысының жазаланатынын мәлімдеді. Сонымен, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Жуалы және Меркі аудандарының әкімдері Нарбай Ергебеков пен Мейірхан Өмірбековке қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды. Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов пен білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергеноваға сөгіс жарияланды. Ал, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пен Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулетке ескертулер жарияланды. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар