жұма, 27 желтоқсан, 2024 21:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Birgemiz» қоры 33737 жамбылдыққа көмек қолын созды

«Birgemiz» қоры 33737 жамбылдыққа көмек қолын созды
ашық дереккөзі
«Birgemiz» қоры 33737 жамбылдыққа көмек қолын созды
Республика аумағында жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік режим мерзімінде коронавирус салдарынан зардап шеккен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылған болатын. Ал біздің аймақта «Birgemiz-Jambyl oblysy» қоғамдық қоры жұмыс істеуде. Әрине, қаржы жүрген жерде қатаң қадағалау шарасын қолға алмаса тағы болмайды.
«Birgemiz-Jambyl oblysy» қоғамдық қорының төрағасы Жұмахан Танкебаев ұйымның жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдында халықтың әлеуметтік осал топтарына бір реттік көмек көрсету акциясы аясында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Қор тарапынан бірінші кезеңде Тараз қаласы бойынша 7473 азаматқа жалпы соммасы 373 миллион 650 мың теңге бір реттік (50 мың теңге) атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ал екінші кезеңде жергілікті атқарушы органдардың деректемелері негізінде 464 миллион 750 мың теңге көлемінде Тараз қаласы бойынша 9295 мұқтаж азаматқа көмек көрсетілді.
Үшінші кезеңде Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу, Талас және Шу аудандарындағы 185 елдімекендегі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, нақты айтқанда 10221 адамға 511 миллион 50 мың теңге аударылды.
Төртінші кезеңде «Birgemiz» қорынан Жуалы, Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының 6748 адам тұрғынына 50 мың теңгеден 337 миллион 400 мың теңге бір реттік көмек берілді. Төленген қаржының жалпы соммасы 1 миллиард 686 миллион 850 мың теңгені құрады. Қор төрағасының есебін назарға алып, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында "Birgemiz-Jambyl оblysy" Қоғамдық қорының тексеру комиссиясына 3-ші және 4-ші кезеңмен аударылған ақша қаражаттың мақсатты жұмсалуын толықтай зерделеу туралы ұсыныс берді.
Балабек Нарбаев,
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар