Бизнес секторы үлкен сынақты бастан өткеріп жатыр
Кәсіпкерлікті дамыту қашанда Қазақстан үшін мемлекетті дамыту стратегиясының басты бағыты саналады. Ал дүниежүзі әлемдік пандемияның салдарымен күресіп жатқан шақта бизнеске айрықша назар аударылуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирустық инфекциямен күрес шараларымен бірге қазақстандық кәсіпкерлердің көкейінде жүрген мәселелердің талқыланғаны қазақстандық бизнес қауымдастық үшін үлкен серпін берудің алғышартына айналды. Расында елдігіміз сыналар шақта отандық бизнес секторы үлкен сынақты бастан өткеріп жатыр. Кәсіпорындардың бір бөлігі тұтынушыларынан айырылды. Келесі бір өндіріс ошағы жұмысшыларын қысқартып, өндіріс көлемін азайтты. Осынау сәтте мемлекеттің кәсіпкерлерге қарасуы үлкен қолдау болды. Халық тұтынатын негізгі тауар түріне жататын өнімді өндіруші кәсіпорын ретінде «Әулиеата феникс» құс фабрикасы да мемлекеттік қолдау шараларын өз деңгейінде сезініп келеді. Күні бүгінге дейін фабриканың жұмысын жандыруда кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары оңтайлы кәдеге жарап келді. Ал әлемдік пандемиядан кейін мемлекеттің бизнеске бетбұрыс жасауы еліміздің кәсіпкерліктің екінші тынысын ашары дау туғызбайды. Әлемдік пандемия мен дағдарыстың салдарынан бұрын экономиканы дамытудың негізі ретінде кәсіпкерлікке көңіл бөлу сөзсіз өзін өзі ақтайды. Бүгін өз ісінің тұраламауы үшін мемлекет қолдауын оңтайлы пайдаланған кәсіпкер күні ертең салықтық түсімдер жасау және халықты жұмыспен қамту арқылы экономикаға серпін береді. Сондықтан барша қазақстандық кәсіпкерлер Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының бизнесті қолдау бойынша жариялаған ұстанымдары мен бастамаларын бір ауыздан қолдауға дайын.
Фарида Жүнісова,
«Әулиеата феникс» ЖШС директоры
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Әулиеаталық әкімдердің халықпен қарым-қатынасы қандай?
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024