жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дональд Трамп Ресей президентіне қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады

Дональд Трамп Ресей президентіне қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады
Getty Images / Leon Neal
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы бейбіт келіссөздердің тоқтауына байланысты Ресей президенті Владимир Путиннен көңілі қалғанын айтты.

Бұл туралы Трамп Ұлыбританиядағы баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Президент қақтығыс оңай шешіледі деп ойлағанын айтты.

«Адамдар қаза тауып жатыр. Мен бұл соғысты тоқтатуға тиіспін деп есептедім. Біз бұған дейін жеті соғысты реттей алдық, олар шешілмейтіндей көрінген еді. Бірақ Путинмен қарым-қатынас ең оңай болады деп ойлағанмын, ол менің көңілімді қалдырды», – деді Трамп.

Дональд Трамп нақты қай соғыстар туралы айтып отырғанын ашып айтпады. Ол Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату бойынша Вашингтонның бастамалары нәтижесіз қалғанын атап өтті. Дегенмен, Трамп Аляскадағы Путинмен кездесуін қателік деп санамайтынын айтты.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Мәскеуге қатысты алдағы шаралары туралы сұраққа жауап бермеді. Бірақ Трамп Батыс елдерін Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға шақырып, осылайша Путинді келіссөзге итермелеуді көздегенін көрсетіп отыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар