Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке кіріскеннен ашықтық пен халықпен кері байланысқа ерекше назар аударды. «Әлеуметтік желі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет. Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде өз саласы бойынша белсенді болуы керек. Ғаламтор ғасырында бұл – міндет. Олар онлайн-режімде желідегі пікірталастарға қатысып, халық пен қоғамның сұрақтарына жауап бере алады», деп кері байланыстың маңыздылығына айрықша назар аударған болатын Мемлекет басшысы.
Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда негізгі тетіктердің бірі саналатын әлеуметтік желілерді тиімді әрі белсенді пайдалануда Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов көпке үлгі. Апта сайын әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей байланысқа шығып, өңір жаңалықтарымен бөлісіп ғана қоймай, халық көтерген мәселелерге де дер кезінде жауап беріп отыратыны көңілге жылылық сыйлайды. Жуырда Сарысу ауданы әкімдігінің «Facebook» желісіндегі парақшасында «Әкім сағаты» өтіп, онда да өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Тікелей эфир барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар және коронавирус індетінің алдын алуға байланысты сақтық шараларының барысымен танысты. Тікелей эфирге аудан әкімімен бірге аудандық орталық ауруханадан Алия Абдуллаева және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәкен Артықбаев қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Дәрі-дәрмек қоры, сақтық шаралары, талап пен тәртіптің орындалуы туралы баяндап, өңірдегі ахуалмен таныстырды.
Жалпы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңір басшысы Бақытжан Алпысұлының қатысуымен «Facebook» әлеуметтік желісінде әр аптаның жұма күндері, кейде аптасына екі рет дәстүрлі түрде тікелей эфирде «Әкім сағаты» өткізіліп отырады. Бүгінгі күнге дейін желі қолданушыларымен 19 рет тікелей эфир өтіп, онда тұрғындар тарапынан 781 сұрақ қойылды. Эфир барысында қойылған сұрақтардың 568-не тиісті жауаптар берілген. Сонымен қатар жазбаша да жауаптар берілуде. Осы уақытқа дейінгі тікелей эфирлердің ұзақтығы – 15 сағат 28 минутты құраған.
Кәмшат ҚАДЫРjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ақсуда ауқымды жұмыстар атқарылады
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024