дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 15:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөзі
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде 2020 жылғы 17 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жандар Тоқсаба, Нұржан Алдашев, Венера Саякова Аса ауылдық округіндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінде канвассинг өткізді. Кездесу барысында партияның аудан бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстыра келе, аталған азаматтарға мемлекет тарпынан беріліп жатқан жәрдемақы, әлеуметтік қорғау және  жұмыспен қамту бағытындағы әкімдік пен партияның жүйелі жоспар арқылы қолға алынған шаралар мен қолдаулар туралы айтып, басқа да ұсыныс-тілектерін назарға алды. Сонымен қатар, олар «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» деген ұранмен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мол мүмкіндік жасауды ортақ мүдде деп санайтындарын жеткізді.   «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық Сайлауалды қорынан төленді
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар