бейсенбі, 19 маусым, 2025 10:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Израиль әскері Дженинде дипломаттар делегациясы жүрген сәтте оқ атқан

Израиль әскері Дженинде дипломаттар делегациясы жүрген сәтте оқ атқан
Фото: © Mamoun Wazwaz / Keystone Press Agency / www.globallookpress.com
Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) әскері Батыс жағалаудағы Дженин қаласына барған халықаралық дипломаттар тобының сапары кезінде оқ атқан.

ЦАХАЛ таратқан мәліметке сәйкес, 21 мамыр күні дипломатиялық делегация Дженинге алдын ала келісілген тәртіппен кірген. Сапар алдында делегацияға аймақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты арнайы бағыт ұсынылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Бастапқы тергеу нәтижесіне сәйкес, делегация белгіленген бағыттан ауытқып, кіруге тыйым салынған аумаққа өткен. Осы аумақта жүрген Израиль әскері ескерту ретінде оқ атқан. Зиян келген жоқ, зардап шеккендер де жоқ", – делінген ресми хабарламада.

Sky News агенттігінің хабарлауынша, палестиналық билік делегацияның гуманитарлық жағдайды бағалау мақсатында келгенін мәлімдеген. Делегация құрамында аймақтық, еуропалық және батыс елдерінің дипломаттары болған.

Германия, Ирландия және Түркия – делегация құрамында болған елдер – бұл оқиғаны қатаң сынға алды. Ирландия премьер-министрінің орынбасары Саймон Харрис бұл әрекетті "қабылдауға келмейтін оқиға" деп бағалап, қатаң айыптады.

Ал Түркия Сыртқы істер министрлігі: "Дипломаттарға шабуыл жасау – олардың қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен құрметке қатер төндіреді", – деп мәлімдеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар