Саясат
Jas Otan жастар мәселесін шешуге бағытталған 216 бағдарлама әзірледі
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2020
- 165
Jas Otan жастар мәселесін шешуге бағытталған 216 бағдарлама әзірледі
"Jas Otan" Жол картасының 216 жобасын жариялады. Онда әрбір өңір, қала және аудан бойынша жастардың негізгі проблемаларын шешуге қатысты нақты шаралар көрсетілген. Қазақстандық жастар аталған құжатпен танысып қана қоймай, сонымен қатар, jasotan.kz және primaries.kz сайттар арқылы өз ұсыныстарын жолдай алады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес "Nur Otan" партиясының жас жақтастары қазақстандық жастарды қолдауға арналған "Жастар-Отанға!" 5 жылдық бағдарламасын әзірлеген.
Ол үздік әлемдік тәжірибелерді және бүкіл ел бойынша жастардың 3 мыңнан астам ұсынысын ескере отырып дайындалған.
Бағдарламада жұмыстың негізгі бағыттары, оның ішінде қолжетімді баспана мен жас отбасыларды қолдау, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері көрсетілсе, ал Жол картасы – бұл нақты күндері мен мақсатты индикаторлары көрсетілген өзіндік шеберлік жоспары. Мәселен, елордада тұрғын үй мәселесін шешумен қатар, дарынды жастарға грант бөлу, спорт нысандарына жеңілдікпен қолжетімділікті кеңейту, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және интернаттан шыққан жастарға қолдау көрсету және т.б. көзделген.
Жамбыл облысында 2021 жылдан бастап жас отбасыларға арналған мемлекеттің қатысуымен салынатын тұрғын үй сатып алу үшін "Әулиеата жастары" несиелеу бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Жастарды жұмыспен қамту мәселесімен Алматы облысындағы жасотандықтар белсенді айналысуға ниетті. Өңірлік бағдарлама жыл сайын 10 мыңға жуық жасты жұмыспен қамтуға уәде береді. Қостанай облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
2025 жылға дейін бағдарламаны іске асыру аясында жасанды жабыны бар 30 шағын футбол алаңы, 10 стритбол алаңы, стрит-воркаут алаңдары, облыстың қалалары мен аудандарында 29 хоккей корты салынбақ. "Жастар-Отанға!" бағдарламасының Жол картасында жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударылды.
Айталық, Маңғыстау облысында жыл сайын 500 жас "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша өз ісін жүргізуді тегін оқи алады. Сондай-ақ, өңірдің жас кәсіпкерлері үшін несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендету және мемлекеттік субсидияларға қолжетімділікті кеңейту жоспарлануда. Білім беру және тұлғалық өсу саласы өңірлік бағдарламаларда да ескерілген. Тараз қаласында жастар саясаты мектебінің базасында жыл сайын 70 адам тағылымдамадан өтеді. 2023 жылы "SMART" оқу орталығын ашу көзделіп отыр. 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасын жыл соңына дейін бекіту жоспарланған. Оған дейін жоба жастар арасында, оның ішінде "Nur Otan" партияішілік праймериздеріндегі пікірсайыстар аясында талқыланбақ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024