жұма, 22 қараша, 2024 6:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерлікті қолдау – көркеюді қолдау

Кәсіпкерлікті қолдау – көркеюді қолдау
ашық дереккөзі
Кәсіпкерлікті қолдау – көркеюді қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы – бизнесті дамытудың жаңа серпіні. Президент бұл Жолдауында да көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталды. Әсіресе агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, сондай-ақ індет кезінде зардап шеккен шағын және бизнеске қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабыл алды.

«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы.    Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады» – деп атап өтті.

Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру керек. Біз горизонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» пилоттық жобасы тиімділігін және өзінің дер кезінде жүзеге асырылып, облысымызда нәтижелі жұмыстың бар екендігін көріп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады деп сенеміз. Жамбыл облысының кооперациялық тізбекті дамыту жөнінде тәжірибесі бар.

Президент: «Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады» – деп дөп басып айтты.

Бұл тұрғыда, биылдан бастап жүзеген асқан ауылда кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасын тиімді және ұтымды пайдалана отырып, өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз өткеруге болады. Бұл пилоттық жоба оңтүстік өңірлерде 2020 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Қазірдің өзінде «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында Жамбыл облысында сауда желілеріне өндірген өнімін өткеруге 52 тауар өндіруші дайын. «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге үшін Жамбыл облысына 1 млрд. теңге бөлінгенін атап өту керек.

Мемлекет басшысы кәсіби мамандардың тапшылығын да атап өтті.  Салдарынан аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы – бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек екенін жеткізді.

Бұл ретте кәсіпкерлер палатасында отандық сарапшы-мамандардың тізімі құрылған болатын. Тізілімге енген сарапшылар практикалық тәжірибесі бар мамандар екендігін атап өту керек. Өкінішке орай, пандемияның салдарынан мамандар толыққанды оқыту жұмыстарына кірісе алмады. Бұл бағытта алдағы уақытта жұмысты онлайн режимге ауыстырып, агро-білімді шыңдай түсеміз деген жоспарымыз бар.

Суару жүйесін жүйелендіру керек – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. –Технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға қажетті судың негізгі көздері трансшекаралық өзендер болып табылады (Шу, Талас). Вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарына суармалы су жетіспейді, бұл өз кезегінде дақылдардың өнімділігіне әсер етеді. Бұл мәселеленің шешімінің бірі – трансшекаралық өзендердің бойында тоғандарды жасау, ал екіншісі – су үнемдеу технологиясын дамыту. Су үнемдеу технология бүкіл әлемдік аграрлық алпауыт мемлекеттердің тәжіриебесі.

Шарапатын талай ауылдағы ағайын көрген «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Шаруаларға қажетті мемлекеттік қолдау шараларын Президент жалғастыруды тапсырды. Бұл ретте Үкімет пен бизнеске бірлесіп, алдағы 5 жылдыққа өнімділікті арттыруға сеп болатын сапалы жоба құруды жүктеді.

Теріс экономикалық салдарларды еңсеру үшін республика бойынша 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер берілді. Ал Жамбыл облысы бойынша 6000-ға жуық кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер беріліп, 4324 кәсіпкердің екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары алдындағы несиелік төлемдері шегерілді.

«Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша жылдық 6%-ға дейін пайыздық мөлшерлемелерді мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етуді тапсырамын» – деді Президент.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұруды тапсырды. Бұл – шағын және орта бизнес үшін өте құптарлық шешеім. Өздеріңізге белгілі локдаун кезінде сауда үйлер мен ірі орталықтардың иелері жалға алушы кәсіпкерлерді жалдау құнынан босатқан болатын. Бұл ретте, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы 161 сауда орталықтарының иелерімен келіссөздердер жүргізген болатын.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда жұмыспен қамту мен халықтың табысын сақтау абсолютті басымдық болып табылады. Сондықтан бұл уақытта ең көп зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені азайту маңыздылығын ескере отырып, бизнестің осы санаты бойынша жыл соңына дейін бюджеттен тыс қорларға еңбекақы төлеуден аударымдарды алып тастауды, келесі жылдың ішінде шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді тапсырды.

Бұл жолғы Жолдауында Президент: «Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек» – деп қайта айтты.

Кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілері әсіресе жер алу, мемлекеттік сатып алу, заңсыз тексерістер мәселері бойынша жиі келеді. Мысалы, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік сатып сұрақтары бойынша бізге 59 өтінім келіп түсті. Кәсіпкерлер палатасы 50-ден аса консультативтік кеңесші органдардың  құрамында бар, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша аудандық, облыстық деңгейдегі комиссиялар құрамына мүшеміз. Сол себепті де, кәсіпкерлікке қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса, Өңірлік палатаға жүгінулеріңізге болады.

Нұрбол Ауданбекұлы,

Жамбыл ауданы  кәсіпкерлер палатасының директоры  

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар