Канада мен Ұлыбритания БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестинаны мойындады
- авторБақытжан Бекболат
- 22 қыркүйек, 2025
- 425
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Канада үкіметінің басшысы Марк Карни Палестинаны танитынын бір мезетте жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Bild-қа сілтеме жасап.
Екі елдің жетекшілері бұл қадам «екі мемлекет» қағидасын жүзеге асыруға жақындатады деп есептейді. Яғни, Израильмен қатар бейбіт өмір сүретін тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуы.
Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл бастаманы қатаң түрде жоққа шығарып, палестиналық мемлекеттің құрылуы Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін және оны 2023 жылғы 7 қазандағы оқиғалар үшін ХАМАС-ты «марапаттау» деп санайтынын айтты.
Карнидің сөзінше, Канада Палестинаны мойындап қана қоймай, екі халық үшін бейбіт болашақты қалыптастыру жолында серіктестік ұсынбақ. Ресми тану рәсімі келесі аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жарияланады деп күтілуде.
Канада мен Ұлыбританиядан кейін Франция, Бельгия және Жаңа Зеландия да осындай шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Ал АҚШ пен Германия әзірге Палестинаны мойындаудан бас тартты. Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль қазіргі жағдайда тану мүмкін емес екенін, бірақ «екі мемлекет» қағидасы сақталуы керектігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






