бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 7:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкімет отырысында 2020 жылдың қорытындысы айтылды

Үкімет отырысында 2020 жылдың қорытындысы айтылды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында 2020 жылдың қорытындысы айтылды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

2020 жылы өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, ауыл шаруашылығын қоса алғанда, нақты сектордағы өсім Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде 3,9 пайызға, оның ішінде металлургия өндірісінде 2,6 пайызға, азық-түлік өнімдері өндірісінде 4 пайызға, фармацевтикада 47 пайызға, машина жасауда 16,3 пайызға, оның ішінде автомобиль жасауда 52,5 пайызға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпте 15 пайызға өсім қамтамасыз етілді.

Құрылыс көлемі 11,2 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 16,8 пайызға немесе шамамен 15,3 миллион шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5,6 пайызға тұрақты өсім қамтамасыз етілді.

ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі аясында тау-кен өндірісі саласында шектеулі динамика байқалады. Сала бойынша НКИ 12 айдың қорытындысы бойынша -3,7 пайыз болды.

ҚР алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда $94,4 миллиард болып, бір жыл ішінде $3,6 миллиардқа көбейді.

Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейінгі диапазонда ұстап тұруға және халықтың нақты кірістерінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.

Үкіметтің қазіргі дағдарыс жағдайында экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларының тиімділігін алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агенттіктер мен консалтингтік компаниялар бірнеше рет атап өтті.

Эпидемиологиялық ахуал бақылауға алынған, дегенмен кейбір өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулер сақталған.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы аясында қызмет көрсету секторында біртіндеп қызмет қалпына келтіріліп жатыр. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда қызмет сауда (+1,4 пайызға) және байланыс (+0,2 пайызға) салаларында одан әрі қалпына келтірілді.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. 4 көрсеткіш бойынша Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында оң динамикаға қол жеткізілді.

"2020 жыл сын-тегеуріндерге толы жыл болды. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында біз оларды еңсере алдық. Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру қажет", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер егжей-тегжей қаралатынын мәлімдеді.

  primeminister.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар