Саясат
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алған
- авторjambylinfo.kz
- 6 ақпан, 2024
- 1.2k
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғанына байланысты премьер-министрдің кандидатурасы бекітілген жалпы отырысқа қатыса алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қошановтың ауырып қалғанын мәжілістің баспасөз қызметі растады.
Спикер коронавирус жұқтырып алған, қазір емделіп жатыр. Денсаулығына байланысты ол бүгін жаңа премьердің кандидатурасы бекітілген мәжілістің пленарлы отырысына қатыспады.
Айта кетейік, мәжіліс отырысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент премьер-министр лауазымына тағайындауға келісу үшін Олжас Бектеновтің кандидатурасын мәжіліс депутаттарына ұсынды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Бектеновтің кандидатурасын 69 депутат қолдап, 7 халық қалаулысы қалыс қалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жаңа Қаржы министрі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Саясат
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






