дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 21:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет қамқорлығын әр тұрғын сезінуі тиіс

Мемлекет қамқорлығын әр тұрғын сезінуі тиіс
ашық дереккөзі
Мемлекет қамқорлығын әр тұрғын сезінуі тиіс

Өткен жыл облыс үшін оңайға соқпады. Коронакризис экономикаға кері әсерін тигізгені сөзсіз. Соған қарамастан, біз барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, көздеген мақсаттарға қол жеткізе алдық. Былтырғы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Басқосуға басқарма басшылары және онлайн режимінде аудандар мен Тараз қаласының әкімдері қатысты. – Жыл қорытындысы әлі нақтылануда. Бірақ қазірдің өзінде белгілі бір межеге қол жеткізгеніміз анық. Көрсеткіштерден тұрақты өсімді байқауға болады. Бюджет қаражатын игеру бойынша жақсы жұмыс жасалды. Бөлінген ақшаны Жамбыл облысы толық игерді. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада көшбасшы болып табылады. Коронавирустық пандемияға байланысты дағдарыс бүкіл әлем үшін маңызды сынаққа айналды десек, бұл жағдайда ақшаны соңғы тиынға дейін игеру маңызды болғаны даусыз. Біздің табысымыз да қуантады. Облыстық бюджетке қосымша 6,5 миллиард теңге түсті. Ол әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатын болады, – деді облыс әкімі. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова міндеттемелердің орындалу барысы туралы баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі өндіріс көлемі– 102 пайыз, ауыл шаруашылығы – 105,2 пайыз, инвестициялар саласында – 106, құрылыста – 120, бөлшек сауда саласында – 100,3 пайыз деңгейінде қалыптасады деп күтілуде. 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп көзделуде.

Гүлдана Жауынбекова Сарысу және Шу аудандары әлі де болса инвестиция саласынан ақсап жатқанын айтты. Аудан әкімдері Бақытжан Жақсылықов пен Нұржан Календеров тиісті көрсеткішке қол жеткізетіндеріне сендірді. Қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева 2020 жылы бюджеттің кіріс бөлігі 101,6 пайызға орындалғанын хабарлады. Алайда Мойынқұм, Шу, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласы бюджет қаражатын толық игермеген (99,9 пайыз). Сондай-ақ Денсаулық сақтау, дін істері және жастар саясаты басқармалары қаржыландыру көлемін игеріп үлгере алмаған. – Көрсеткіштерді 2019 жылдан және орташа республикалық деңгейден жоғары ету үшін біз бір жыл бойы аянбай тер төктік. Осы қарқынмен жұмысты жалғастыру қажет. Осындай қиын уақытта мемлекет ауқымды қолдаулар көрсетуде. Қамқорлықты әр тұрғын сезінуі тиіс, – деп тапсырды Бердібек Сапарбаев. Аймақ басшысы басқа да маңызды мәселелерге тоқталды. Ол аудан әкімдерінен тұрғындардың карантиндік шараларды сақтауын бақылауды қамтамасыз етуді талап етті. Коронавирустың кең таралу қаупі әлі де сақталуда. – Барлық аудандар төсек-орын қорын дайындап, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын, медициналық бұйымдарды сатып алуы қажет. Инфекцияның басым бөлігі Тараз қаласы, Шу және Қордай аудандарында анықталған. Мобильді топтар жаңажылдық мерекелерден кейін босаңсымауы тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі. Биыл еліміз тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеді. Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға бұл маңызды датаны лайықты түрде атап өту үшін тыңғылықты дайындалуды тапсырды. – «Egemen Qazaqstan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Мерейтой– тарихымызды түгендеуге және осы жылдар ішінде қол жеткен жетістіктеріміз бен асқан асуларымызды саралайтын таптырмас мүмкіндік, – деді өңір басшысы. Бердібек Сапарбаев облыста елімізде баламасы жоқ жобалар жүзеге асырылып жатқанын да атап өтті. – «Бейбітшілік пен келісім», «Асарлатып үй салу» жобаларын жүзеге асыруда барынша көп адамды қамту керек, – деп тапсырды облыс әкімі. Ауылшаруашылығы саласында да үлкен жұмыстар күтіп тұр. Су ресурстарының қорын зерделеу, суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, суарудың заманауи технологияларын енгізу қажет. Сондай-ақ балық шаруашылығын дамытуға да ерекше назар аударылатын болады.

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар