сейсенбі, 22 қазан, 2024 20:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды. Ұлттық ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмыстарына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы ғылым еліміздің экономикасына қызмет етуге тиіс.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар