сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 0:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы: Азаматтарамыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға міндеттіміз

Мемлекет басшысы: Азаматтарамыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға міндеттіміз
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы: Азаматтарамыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға міндеттіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында "Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны" негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігін атап өтті.

"Болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен әргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс.  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды", дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз әлемдік аренада абырой беделге ие болды. Сондықтан әлемнің жаңа болмыс бітімі қалыптасқан шақта, біз реформаларға тың серпін беруіміз керектігін баса айтты.

"Бұл бағытта Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажет. Біз азаматтарамыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жақсауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз", дейді Мемлекет басшысы.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар