Саясат
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 11 шілде, 2025
- 638
Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.






