жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Тәжікстан парламенті жоғары палатасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Тәжікстан парламенті жоғары палатасының төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

  Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.

Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді. 

Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.

Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар