сенбі, 23 қараша, 2024 18:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары қандай?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары қандай?
ашық дереккөзі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары қандай?

Мемлекеттік көрселтілетін қызметтер қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету аудандық жер қатынастары бөлімінің жіті назарында. Бүгінде бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарының тәртібі және алуға қажетті құжаттар тізбесі толық жүйеленген. Мәселен жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiтудің өз ережесі бар. Бұл тұрғыдағы қызмет көрсету тәртібіне келсек, көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап, порталға жүгінген кезде - 7 жұмыс күнін құрайды. Бір айта кетерлігі мемлекеттік корпорацияға жүгінген кездегі құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді түрде жазбаша бас тартылады. Ал құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге және құжаттарды алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт 15 минуттан аспайды.

Қажетті құжаттар тізбесі

 Нысан бойынша өтініш, жеке басты куәландыратын құжат талап етіледі. Жерге орналастыру жобасы үшін мұнай және газды сақтау және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжат болуы шарт.

Портал арқылы

Көрсетілетін қызмет үшін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініші, жерге орналастыру жобасының электрондық көшірмесі, мұнай және газды кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшірмесі жатады.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін жалғасады. Көрсетілген қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді түрде жазбаша бас тартады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге және құжаттарды алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 15 минут.

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту

Қызметті көрсету тәртібіне сай қызметті көрсетушіге, мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап - 3 (үш) жұмыс күнінде жүзеге асады. Құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ уақыт 15  минутқа тең. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне жатпайды. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісін тіркеу қажет.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

Бұл шаруа көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде 10 жұмыс күні ішінде шешіледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Қажетті құжаттар тізбесіне нысан бойынша өтініш, жеке басты куәландыратын құжат, іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары, іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың көшірмесін тіркеу қажет. Дәл осы құжаттар портал арқылы көрсетілетін қызмет үшін де қажет.

 

А.Нұрмаханова,

аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы.

Жамбыл ауданы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар