Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 11 желтоқсан, 2020
- 765
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Jambylinfo.
Отырыста ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің пайдаланылуы және қолданылуына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралды.
Зерделеу жұмыстары Жамбыл, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу аудандарының жергілікті атқарушы органдар мен білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласына қарасты 182 мекемеге жүргізілді.
Тексеріс барысында аудан әкімдіктерінің ішкі саясат, білім бөлімдерінің және полиция басқармаларының қызметкерлерінен арнайы инспекциялық топ құрылып, бірқатар кемшіліктер анықталды. Кемшіліктер бойынша дер кезінде түзету жұмыстары жүргізіліп, бірқатар лауазымды тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды.
Жиын соңында мемлекеттік мекеме және ұйым басшыларына латын графикасында «QAZAQSTAN» сөзімен жазылған мемлекеттік Елтаңбаларды ауыстыру жұмыстарын уақытылы аяқтау тапсырылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Шу ауданында емхана пайдалануға берілді
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қаңтар, 2026
АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Әлем кеңесінің құрамына шақырды
- авторМағжан Орынбасар
- 19 қаңтар, 2026






