сенбі, 23 қараша, 2024 5:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үміткерлер сайлаушылармен кездесті

Үміткерлер сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
Үміткерлер сайлаушылармен кездесті
Аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер М.Д.Миралиев, Н.Ж.Манатбеков, К.Ж.Жуманазарова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Игілік» ККП қызметкерлерімен және бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Шара барысында кандидаттар аудандағы коммуналдық қызмет бойынша жасалған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын істерді де тиянақтау үшін сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Ағымдағы жылы «Nur Otan»партиясы пандемия кезіндегі жағдайды тұрақтандыру үшін 5500 тұрғынның коммуналдық шығынын өтеп, мәжбүрлі демалыстағы 6001 қызметкерге 42 500 теңгеден және халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 4371 адамға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем берген. Сондай-ақ, 560 аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіп, 6 жасқа дейінгі 695 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілген. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында ауданымызда «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер224 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізген және 1286 адам 50 000 теңгеден алған. Алдағы сайлауда жеңіске жету үшін «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалдындағы бағдарламасында айқындап отыр. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Кандидаттардың айтуынша аталмыш жеті бағыттың бірінде «Nur Otan» партиясы тұрғындар үшін жайлы ауданды қамтамасыз ету үшін азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрбір адамның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Талас ауданында 2025 жылға дейін орталықтандырылған сумен қамтуды 100%-ға, газбен жабдықтауды 83,3%-ға дейін жеткізу міндетін қойып отыржәне 2023 жылға қарай ауылдық елді мекендердің 23 немесе 24,4 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Кездесу соңында кандидаттар аудан жетістіктерін еселейтінін жеткізіп, халық үмітін ақтауға барынша тырысатынын айтты және қоғамдық диалогтың кез келген түріне дайын екендіктерін білдірді. "Nur Otan" партиясының жеңіске жетуі үшін әр сайлаушының дауысы маңызды болып табылатынын да тілге тиек етті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар