Саясат
Облыс әкімдігінде сайлау учаскелерінің сайлауға деген дайындықтары сараланды
- авторjambylinfo.kz
- 7 желтоқсан, 2020
- 324
Облыс әкімдігінде сайлау учаскелерінің сайлауға деген дайындықтары сараланды
Облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелері бойынша облыстық штабтың отырысы өтті.
Кездесуде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткелі отырғандығын атап өтті.
- Саяси партиялар елдің саяси жүйесіндегі өз позицияларын нығайту үшін тең мүмкіндіктерге ие болады, - деді ол.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, барлық деңгейдегі мәслихаттар үшін 51 партиялық тізім анықталып, оған 523 кандидат енген. Үміткерлердің жалпы санының 43,8 пайызын нәзік жандылар мен 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. С.Айдапкелов жекелеген сайлау рәсімдеріне, атап айқанда үміткерлерді ұсыну және тіркеу, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының мерзіміне тоқталып өтті.
- Мәслихаттарға кандидаттарды ұсыну 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталады. Сол күні сағат 18:00-ден кейін үгіт-насихат науқаны басталады, ол 2021 жылы 9 қаңтар күні сағат 12-де аяқталады.
Аудандарда азаматтардың сайлау құқықтарын, сайлау науқанының негізгі кезеңдерін түсіндіретін, дауыс беруге қатысуға шақыратын билбордтар, баннерлер орнату қажет деп санаймын, - деп атап өтті ол.
Өңір басшысы аудан әкімдеріне тиісті тапсырманы жүктеді. Ол бұл ақпараттардың баспа бұқаралық ақпарат құраладырын беттерінде және интернет желілерінде де жариялану керектігін алға тартты. Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерін сайлауға дайындық тиісті деңгейде өтіп жатпағанын айтып, сынға алды.
- Сайлаушылардың тізімі толығымен қалыптаспаған. Жергілікті жерлерде түгендеу жұмыстарын жүргізу керек, - деп талап етті облыс әкімі.
Тағы бір маңызды мәселе – сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы. Тараз және бірқатар аудандарда учаскелердің бәрі бірдей интернетпен, бейнебақылау камераларымен, пандустармен қамтылмаған.
- Егер облыс орталығындағы сайлау учаскелері 100% дайын болмаса, онда аудандар туралы не айтуға болады? Үш жағдай бойынша да Қордай ауданы артта қалып отыр. Шу және Т.Рысқұлов аудандарындағы жағдай да көңіл көншітпейді. Барынша қысқа уақытта осы олқылықтардың барлығын жою қажет және мүмкіндігі шектеулі жамбылдықтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керек, - деп бұйырды аймақ басшысы.
Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Нейля Муликова қазір сайлау учаскелерінің санитарлық талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатқандығын айтты.
- Карантиндік шектеулер азаматтардың ел Конституциясында кепілдендірілген дауыс беру құқығын жүзеге асыруына кедергі болмауы тиіс. Дегенмен сайлаушылар, комиссия мүшелері мен бақылаушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Ол үшін аудандарда қажетті жағдайлар жасалынуы қажет, - деді облыс әкімі.
Штаб мүшелері әр сайлау учаскесінде медициналық пукнтер ашу, ем алып жатқан науқастардың дауыс беруіне қатысты мәселелерді талқылады.
Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов сайлау кезінде мыңнан астам полицей заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететінін жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Әли Ахмедов чемпиондық тәж үшін таласады
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024