сенбі, 23 қараша, 2024 4:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Одақтың ақпараттық жүйесі жетілдіріледі

Одақтың ақпараттық жүйесі жетілдіріледі
ашық дереккөзі
Одақтың ақпараттық жүйесі жетілдіріледі
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың интегра­цияланған ақпараттық жүйесіне (ИАЖ, ЕАЭО) кешенді техникалық сараптама жүргізу жөніндегі орындаушыны айқындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдауды бастады.
Интеграцияланған ақпа­рат­тық жүйе (ИАЖ) – мемле­кет­аралық деректер мен электрон­ды құжаттар алмасуды қамта­масыз етуге арналған және ЕАЭО аясындағы ауқымды жо­ба. Бұл жұмысқа қатысу IT ком­панияларға халықаралық нарық­қа шығуға, өз әлеуетін ашуға және беделін арттыруға мүм­кіндік береді. Биыл 19 мамырда Мемлекет басшыларының отырысы аясында Президент Қ.Тоқаев ИАЖ-ды іс­ке қосу бойынша жұмыстарды жан­дандыру қажеттігін айтқан еді. Осы мақсатта ЕЭК Кеңесі ке­шен­ді техникалық сараптама жүр­гізу туралы шешім қабыл­дады. Кешенді техникалық сарап­тама шеңберінде орындаушы жүйелі-техникалық инфрақұ­ры­лымды, жобалық басқару бөлі­гінде ИАЖ-дың ауқымды ауди­тін, сондай-ақ құқықтық акті­лерге талдау жүргізуі тиіс. Кешенді техникалық сарап­тама аталған жүйенің әлсіз жер­­лерін анықтауға, қол нәти­желерді талдауға және ақпарат­тық өзара іс-қимылды қамта­ма­сыз ету бойынша жаңа тәсіл­дер­ді қалыптастыруға жол аша­ды. Ке­шенді техникалық сарап­та­­ма­ның нәтижелерін ЕЭК Ке­­ңесі келесі жылдың 1-тоқсаны­ның соңында қарайды деп жоспарлануда.  
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар