Саясат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 13:51
- 29
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақпаратқа сәйкес, сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) мәліметіне сүйене отырып, еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылғанын айтты.
Келесі мақала