бейсенбі, 31 қазан, 2024 7:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент: Өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек

Президент: Өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек
ашық дереккөзі
Президент: Өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында өнеркәсіптік әлеуетіміз әлі де болса толық пайдаланылмай отырғанын айтты. «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан ішкі нарықтың мол мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы. Көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды.», деді Президент кезекті Жолдауында. Қ.Тоқаев өнеркәсіпке қолдау көрсету үшін заңнамалық негіздерді қайта қарап,  бірізділікке келтіру керектігін, сондай-ақ нақты шараларды да жетілдіру қажеттігін атап өтті. «Сапалық тұрғыдан мүлде ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет. Өнеркәсіпті реттеу және оған қолдау көрсету мәселелері түрлі заңнамалық актілерде көрініс тапқан. Бірақ ортақ мақсат көрсетілмеген. Жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ. Сондай-ақ жекелеген жекелеген секторларды немесе салаларды реттейтін көптеген заң бар. Мысалы, «Электр энергетикасы туралы» заң, «Көлік туралы» заң, өңдеу өнеркәсібін дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі және біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз», деді Мемлекет басшысы. egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар