бейсенбі, 7 қараша, 2024 2:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды

Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш. Сурет ҰҚК сайтынан алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі сотта жатыр

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қайда жүргенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  Ол Самат Әбіштің ісі құпия тергелгенін және сотқа жолданғанын атап өтті.


«Оның ісі сотта екенін білемін. Ал ол өзі Қазақстанда. Тергеуге алынғанда одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған болатын. Басқа ештеңе айта алмаймын, себебі бұл істі қарамаймын», деді Шыңдалиев мәжіліс кулуарында. 


Осы орайда журналистер Әбіштің статусын нақтылады. 

«Ісі сотта жатыр, статусы қандай болуы мүмкін? Сотталушы шығар...», деп жауап берді бас прокурордың орынбасары. 


Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйекте Самат Әбіштің үстінен қаңтар оқиғасы кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Самат Әбіш – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. 2015 жылдан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Нұргүл Әубәкірова
Автор

Нұргүл Әубәкірова

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар