Сара Назарбаеваның институты мемлекет меншігіне қайтарылды
- авторИндира Тәліпқызы
- 14 маусым, 2024
- 649
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған институт 2023 жылы ребрендинг жасап, атауын өзгерткен болатын. Оған дейін ол «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» деп аталып келген. Енді Үкіметтің қаулысына сәйкес институт мемлекеттің меншігіне өтіп отыр,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мемлекет меншігіне қайтарылған инcтитут бұдан былай «Өркен» балалар саламаты ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты деп аталады.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енгізілсін», - деп жазылған Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" міндетті пән ретінде енгізілді. Алайда бұл бағдарлама 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатқан болатын.