Саясат
ҰҚШҰ кеңесінің отырысы: Президент Бішкек қаласына барды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қараша, 2025
- 219
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы — Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 6 желтоқсан, 2025





