Саясат
Қ.Тоқаев: Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді
- авторjambylinfo.kz
- 1 қыркүйек, 2020
- 238
Қ.Тоқаев: Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді
Қазақстан Президенті пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналғанын баса айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білгенін нақтылады.
"Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткізіп жатыр. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы азаматтарда еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жариялады", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
egemen.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала