Саясат
Тоқаев пен Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі
- авторБақытжан Бекболат
- 18 қараша, 2025
- 262
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.
Жиында Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйледі.
Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 22 желтоқсан, 2025





