
Бүгін қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Тоқаев пен Путин энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету туралы сөйлескен.
«Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты», - деп хабарлайды Ақорда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Таяу Шығыс шиеленісі: Трамп саммитті тастап, елге оралды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 маусым, 2025