жексенбі, 23 маусым, 2024 14:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаевтың тағы бір жаңа кеңесшісі тағайындалды

Тоқаевтың тағы бір жаңа кеңесшісі тағайындалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жамаубаев 2019 жылға дейін де президенттің кеңесшісі болған

Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда. 

Айта кетейік, Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша , 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.
1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.
2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.
2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.
2019 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.
2020 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалып, 2022 жылдың наурызында бұл лауазымынан босаған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар