жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп АҚШ әскерін Ресей мен Қытайға қарсы дайындыққа жұмылдырды

Трамп АҚШ әскерін Ресей мен Қытайға қарсы дайындыққа жұмылдырды
AP Photo / Evan Vucci
АҚШ Қорғаныс министрінің айтуынша, алдыңғы әкімшіліктің әлсіздігі мен қателіктері Мәскеу мен Бейжіңнің жақындасуына жол ашып, АҚШ-тың әлемдегі позициясын әлсіреткен.

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Fox News арнасына берген сұхбатында президент Дональд Трамптың Пентагонға қарулы күштерді қайта құрып, қажет болған жағдайда Ресей мен Қытайға тосқауыл қоюға дайын болуды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Хегсеттың айтуынша, алдыңғы әкімшіліктің әлсіздігі мен қателіктері Мәскеу мен Бейжіңнің жақындасуына жол ашып, АҚШ-тың әлемдегі позициясын әлсіретті.

— Сол себепті президент Трамп қорғаныс министрлігіне армияны түбегейлі қайта құруға және жауынгерлік рухты қалпына келтіріп, тежеу қабілетін күшейтуге тапсырма берді, — деді ол.

Министр Вашингтонның қақтығыс іздемейтінін, бірақ өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараны жасауға міндетті екенін атап өтті.

— Біз Қытайға да, Ресейге де және басқа да мемлекеттерге ашық түрде жеткіздік: дайындық — соғыстың алдын алады. Күш-қуатымыз — халқымыздың қауіпсіздігінің кепілі, — деді Хегсет.

Оның сөзінше, әскери шеру мен демонстрациялар қалыпты құбылыс, бірақ олар ешқашан қақтығысқа ұласуға тиіс емес.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар