бейсенбі, 19 маусым, 2025 10:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Пентагондағы Украина мәселелерімен айналысатын бөлімнің мәртебесін төмендетпек

Трамп Пентагондағы Украина мәселелерімен айналысатын бөлімнің мәртебесін төмендетпек
Gage Skidmore (CC BY-SA 2.0)
АҚШ-тың Defense News басылымы аталған мемлекеттің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы үш қызметкері мен еуропаның екі шенеунігіне сілтеме жасап, осындай ақпарат таратты.

Мәліметке сүйенсек, Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін маңызды рөл атқарып келе жатқан Пентагон басқармасының мәртебесін қайта қарау ұсынылып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл басқарма Украинадағы соғысқа байланысты саясатты қалыптастырумен және әскери көмекті үйлестірумен айналысқан. Сондай-ақ, ол 50-ден астам елдің қару-жарақ жеткізілуін бірлесе үйлестіретін "Рамштайн форматын" құруда маңызды рөл атқарды.

Defense News дерегінше, Украина, Ресей және Еуразия мәселелерімен айналысатын бұл бөлім кең ауқымды құрылымдық өзгерістер аясында Еуропа мен НАТО істеріне жауапты ірі басқарманың қарамағына берілуі мүмкін. Алайда бұл бөлімнің таратылуы немесе қызметкерлердің қысқартылуы туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Қазіргі таңда шешім әлі қабылданбаған және бұл өзгеріс Пентагондағы ауқымды реформалардың бір бөлігі ретінде қарастырылуда.

Басылыммен сөйлескен кейбір сарапшылар бұл қадамды Трамп әкімшілігі үшін Украина енді басты басымдық болудан қалуы мүмкін деген белгі ретінде қабылдап отыр. Соған қарамастан, АҚШ Украинаға барлау деректерін ұсынып, бұрын мақұлданған әскери көмекті жеткізуді жалғастыруда. Бірақ қазіргі уақытта Конгресс қосымша қаржыландыру бағдарламаларын бекітпеген, ал Пентагон жаңа әскери көмек сұрауларына бастамашы болған жоқ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар