дүйсенбі, 2 маусым, 2025 2:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Сауд Арабиясымен тарихтағы ең ірі қару-жарақ келісіміне қол қойды

Трамп Сауд Арабиясымен тарихтағы ең ірі қару-жарақ келісіміне қол қойды
Фото: Win McNamee/Getty Images
АҚШ-тың қорғаныс компаниялары Сауд Арабиясына заманауи әскери техника жеткізетін болады.

АҚШ пен Сауд Арабиясы Дональд Трамптың Таяу Шығысқа жасаған сапарының алғашқы күнінде 142 миллиард долларлық қару-жарақ келісіміне қол қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Келісім бес негізгі бағытты қамтиды: ӘӘК пен ғарыштық әлеуетті дамыту; әуе және зымыранға қарсы қорғаныс; теңіз және жағалау қауіпсіздігі; шекара қауіпсіздігі мен құрлық әскерін жаңғырту; ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді жаңғырту.

Пакет Сауд Арабиясының қарулы күштерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды дайындық пен қолдауды да қамтиды. Оның ішінде сауд әскери академияларын және әскери-медициналық қызметтерін күшейту шаралары бар.

Бұған қоса, америкалық технологиялық компаниялар екі елде де заманауи технологияларды дамытуға 80 миллиард доллар инвестиция салуға келісті. Сондай-ақ АҚШ Сауд Арабиясына 14,2 миллиард долларға газ турбиналары мен энергетикалық технологияларды және 4,8 миллиард долларға Boeing 737-8 жолаушылар ұшақтарын экспорттайтын болады.

Сауд Арабиясы АҚШ-қа 600 миллиард доллар инвестиция салуға міндеттенді. Бұл инвестициялардың бір бөлігі АҚШ аумағында жасанды интеллектпен жұмыс істейтін деректер орталықтарын құруға бағытталады.

Бұл Дональд Трамптың жаңа президенттік мерзіміндегі алғашқы ресми шетелдік сапары. Алдағы күндері ол Таяу Шығыстағы тағы екі елге — Катар мен БАӘ-ге баруды жоспарлап отыр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар