сенбі, 28 желтоқсан, 2024 2:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғыз халқы қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады — Берік Уәли

Қырғыз халқы қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады — Берік Уәли
ашық дереккөзі
Қырғыз халқы қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады — Берік Уәли
Қырғыз халқы қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды. «Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды», — делінген желіде жарияланған жазбада. Айта кетсек, 5 қазанда Қырғызстанда наразылық білдірушілер парламенттік сайлаудың нәтижесін әділ емес және заңсыз деп санайтынын білдіріп, қақтығысты. Нәтижесінде, олар Ақ үйді басып алып, бұрынғы президент Атамбаевты босатты. zhambylnews
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар