Кеше, яғни 10 қаңтарда кешкі сағат 20:00-де Қырғызстанда кезектен тыс Президенттік сайлау мен бүкілхалықтық референдумның нәтижесі жарияланды. Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметі бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін 3 563 574 азамат тіркелген. Сайлаушылар екі бюллетень арқылы өз қалауларын білдірді. Біреуінде 17 кандидаттың ішінен елдің болашақ Президентін таңдау, екіншісінде сайлаудан кейінгі уақыттағы басқарудың президенттік не парламенттік жүйесін таңдау мәселелері қойылған.
Қырғыз Республикасының Президенті болып жасы 35-тен төмен емес, 70-тен жоғары емес, Республикада жалпы 15 жылдан кем емес уақыт тұрған, мемлекеттік тілді білетін азамат сайлана алады.
Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекованың осы мекеменің баспасөз орталығында кешкі сағат 20:40-та жариялаған ақпаратына қарағанда, республикадағы сайлау учаскелерінің 87 пайызынан электронды есептеу арқылы алынған мәліметтерге сәйкес, 1 230 627 адам, яғни сайлауға құқығы бар азаматтардың 34,33 пайызы дауыс беруге қатысқан. Олардың 79 пайыздан астамы президенттік қызметке Садыр Жапаровтың кандидаттығын жақтап дауыс берген. Бұл 1 миллионға жақын сайлаушы. Екінші орынды 6 пайыздан артық дауыспен Адахан Мадумаров, үшінші орынды 2 пайыздан аса дауыспен өзбек халқының өкілі, іскер Бабыржан Төлбаев иеленген. Басқа талапкерлер екі пайызға жетер-жетпес және бір пайыздың арғы-бергі төңірегінде дауыс алған. Әйелдер арасынан жалғыз кандидат Клара Сооронкулова 11 263 сайлаушының, былайша айтқанда бір пайызға жақын дауыс алды.
Айта кетейік, елдің сайлауға тиесілі заңнамаларында президенттік сайлауда дауыс берушілердің шегі белгіленген емес. Ал енді референдумдарды өткеру бойынша заңда сайлау құқығы бар азаматтардың 30 пайызы өз дауыстарын берсе, референдум нәтижесі есепке алынады. Жоғарыда мәлімделгендей, сайлаушылардың қатысуы белгіленген шектен асты. Дауыстарын берген сайлаушылардың 80 пайыздан астамы басқарудың президенттік жүйесін таңдаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Нұротандықтарды құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024
Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2024