Жұрттың көкейіндегісін дөп айтты
Еркінбек Солтыбаев,
облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халық коронавирус кеселінен үрейленіп, дәрі-дәрмекті артығымен сатып алып жатқанын ашып айтты.
«Халықты үрей мен қорқыныш билеген. Тіпті олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда. Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек», – деп баса айты Президент.
Шынында бүгінде қара халық дәрі-дәрмек таба алмай көше кезіп кеткені ақиқат. Алайда жергілікті билік бұл мәселемен күресуде кешенді жоспар жасап, олқылықтың орнын толтыру бағытында аз жұмыстар жүргізіп жатқан жоқ. Оған дәлел, кеше аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев онлайн баспасөз мәслихатын өткізіп, бұқараға бар жағдайды жеткізді. Дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін «Супер-Фарм» мекемесімен жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын, одан бөлек көршілес мемлекеттермен де келсіссөздер орнатылғанын хабардар етті. Бұл сөз жоқ жанға жылу беретін ақпарат.
Одан бөлек, Бердібек Машбекұлы дәрі-дәрмек пен дәрігерлерге қатысты сауалдар туындайтын болса, «109» желісі іске қосылғанын айтты. Енді осы желі өз жұмысын жақсартып, жұртшылық үшін қалтқысыз қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Мәселені дер шағында қозғады
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 19 қараша, 2024